Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырған турнир аймақтағы дәстүрлі жарыстардың біріне айналған. Осыдан 17 жыл бұрын облыстық деңгейде өткен сайысқа 2006 жылдан бастап еліміздің әр түкпірінен командалар қатысып келеді.
Биыл жарыс алаңынан Нұр-Сұлтан, Шымкент, Байқоңыр қалалары мен Түркістан облысынан келген командалар көрінді. Олармен қатар жергілікті «Қызылорда жастары» мен «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» командасы бақ сынады.
Турнир қорытындысы бойынша «Байқоңыр» командасы ІІІ, түркістандық «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті» командасы ІІ орын иеленсе, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» командасы бірінші тұғырдан көрінді.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімова жастардың білімді, тәрбиелі, жігерлі болумен қатар саламатты өмір салтын ұстануы, спортпен тұрақты түрде шұғылдануы аса маңызды екенін атап өтті. Бүгінде оқу ордасында спорттың 11 түрінен 21 спорт секциясы бар..
Турнирде үздік ойын көрсеткендер түрлі номинациялар иеленді.
Қызылорда