Спорт • 21 Ақпан, 2022

Луценконың қарқыны қуантады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда ғана Испанияда аяқталған «Хаэн Классикасында» топ жарған қазақстандық велошабанбдоз Алексей Лу­ценко сол елдегі «Андалусия Вуэль­тасы» көпкүндігінде де табысты өнер көр­сетуде.

Луценконың қарқыны қуантады

Аталған жарыстың төртінші турында Astana Qazaqstan Team клубының серкесі нидерландиялық Ваут Пулстан ғана қалып қойып, екінші орынды иеленді. «Пелатоннан озып кету үшін көп күш жұмсадым. Оның үстінде күні кеше ғана «Хаэн Классикасына» қатысқан едім. Ол додада да біраз тер төгуге тура келді. Сол сайыстарда біраз шаршаң­қырап қалғаным осы кезеңде анық сезілді. Бірақ бірінші орын алмасам да, бүгінгі көрсет­кішіме көңілім толды. Енді бізді финал­дық кезең күтіп тұр. Ол таулы аймақта өтеді. Сол бә­секеде де барымызды саламыз», дейді Андрей Луценко.

«Андалусия Вуэльтасының» төртінші кезеңінен кейін Қызғалдақтар елінің өкілі Ваут Пулс көш басына шықты. Екінші орында Astana Qazaqstan Team клубының мүшесі Анхель Лопес. Ал жалпыкомандалық есепте қазақстандық ұжым алдына жан салар емес.