Спорт • 21 Ақпан, 2022

Финал «Астана Аренада» өтеді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан суперкубогы жолындағы жарыстың финалдық ойы­ны 2 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Финал «Астана Аренада» өтеді

Бас жүлде үшін бәсекеде былтырғы маусымдағы Премьер-лиганың жеңімпазы «То­был» мен ел кубогының иегері «Қай­рат» күш сынасады. Аталған жарыста алм­а­тылықтардың екі мәрте топ жарғанын жан­күйерлер жақсы біледі. Бұл атаққа «Қайрат» 2016 және 2017 жылдары қол жеткізді. Екі ретінде де олар «Астанадан» айласын асырды. «Астана Аренада» өткен алғашқы матчта есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти арқылы анықталды – 5:4. Орталық стадионда ұйымдастырылған кездесуде алаң иелері қарсыластар қақпасына жауапсыз екі гол соқты – 2:0. Ал қостанайлықтардың былтырғы қарқыны күшті болды. Финалда «Тобыл» «Астананы» пенальтиден ұтты – 1:1 (5:4).

Қазақстан суперкубогын ең көп олжалаған команда – Нұр-Сұлтанның «Астанасы». Елор­далық клуб бес мәрте (2011, 2015, 2018, 2019, 2020) жеңіс тойын тойласа, «Ақтөбенің» асы­ғы үш рет (2008, 2010, 2014) алшысынан түсті.