Әдебиет • 21 Ақпан, 2022

Автограф-сессия

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел астанасында жақында ашылған Qazaqbooks кітап дүкенінде жазушы Мәди Айымбетов оқырмандармен кездесу өткізіп, автограф-сессия ұйымдастырды.

Автограф-сессия

Foliant баспасынан қаламгердің «Бопай ханым» романы шығуына орай авторды оқырмандармен осы баспа жүздестірді.

Айта кетейік, Әбілқайыр ханның жұбайы Бопай ханымның бейнесі бір уақытта әдебиеттің проза, драматургия, поэзия жанрларында сомдалды. Жазушы, драматург Роза Мұқанова драма жазып, ол Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында қойыл­ды. Күні кеше ғана Ұлттық акаде­миялық кітапханада ақын Маржан Ершудің кітап болып шыққан поэмасының таныстырылымы өтті. Ал «Бопай ханым» романы – Мәди Айымбетовтің алты-жеті жылдық ізденісінің жемісі. Жазушы негізінен қазақ тарихын зерттеген орыс тарихшысы Ирина Ерофееваның зерттеулеріне сүйенген. Басқа да деректерді ақтарып, сұрыптап, шығарманы жеті айда жазып шыққан.

Бұл жайында автор кездесуде баяндады.

Оқырмандар авторға сұрақ­тарын қойып, көкейде жүрген көп түйткіліне жауап алды. Романның аты «Бопай ханым» бола тұра, шығармада Әбілхайыр ханның бейнесі басым болуының себебі не?» деген сұрақтарға автор кеңі­нен жауап берді.