Ернар Мейрамбекұлы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
2000 жылдан 2012 жылға дейін Семей қаласының ІІБ әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болды.
2012 жылғы қарашадан 2018 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде жұмыс істеді.
2018 жылғы ақпан-қыркүйек аралығында ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылғы 31 қазаннан бастап осы басқарманың бастығы қызметтерін атқарды.