Келісімнің мақсаты - ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау.
Қаулыда екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құру көзделген. Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады.
Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады.