Бокс • 24 Ақпан, 2022

Странджа кубогы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақ боксшылары әзірге жанкүйерлерді жабырқата қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Странджа кубогы: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Бүгін күндізгі сессияда 54 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген Сабырхан Махмұд шаршы алаңға көтеріледі. Сондай-ақ әйелдер арасындағы аламанда 48 килограмм салмақтағы Алуа Балқыбекова, 70 килограмм салмақтағы Валентина Хальзова, 81 килограмм салмақтағы Анастасия Базитова жекпе-жектерінде жеңіске жетуге күш салмақ. Күндізгі сессия сағат 18.00-де басталады.

Кешкі сессияда 57 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түсіп жатқан оғландарымыз Бейбарыс Жексен мен Оразбек Асылқұлов, 63,5 килограмм салмақтағы Абзал Серік, 67 килограмм салмақтағы Дулат Бекбауов, 71 килограмм салмақтағы Ермахан Жақпеков, 75 килограмм салмақтағы Нұрқанат Райыс, 80 килограмм салмақтағы Ерасыл Жақпеков, 86 килограмм салмақтағы Сағындық Тоғамбай шаршы алаңға шығады. Ал кешкі сессия 22.00-де басталмақ.