Елорда • 24 Ақпан, 2022

Нұр-Сұлтан әуежайында «Stop-трафик» іс-шарасы өтуде

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айының 21-27 аралығында Көлiктегi ПД Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПБ қызмет атқару аймағында криминалдық полиция қызметкерлері «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан әуежайында «Stop-трафик» іс-шарасы өтуде

Жедел іс-шараның басты мақсаты – адамдарды сатуға байланысты қылмыстарды анықтау және осындай қылмыстардың жолын кесу. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында азаматтардың заңсыз бас бостандығынан айыру, азаматтардың және жасөспірімдердің саудасы, интимдик қызмет көрсететін күдіктілерді анықтау және оларды жезөкшелiк қызмет көрсетуге тарту фактiлерiн анықтау, сондай-ақ жеңгетайлық фактiлерiн анықтау мақсатында «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ әуе қауiпсiздiк қызметi және ҚР ҰҚК шекара қызметi қызметкерлерiмен бiрлесе отырып жұмыс атқарылуда.

«Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткiзу барысында ЖПБ криминалдық полиция қызметкерлерi адам саудасының қылмыстық құқық бұзушылығы негiзiнде БАҚ және интернет және әлеуметтік желiлерге мониторинг жүргiзіп келеді. Сонымен катар, әуежайда мәжбүрлi еңбекке тарту қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау мақсатында шетелге ұшатын жолаушыларды және ұшып келген шетел азаматтарын тексеру жұмыстарына баса мән беріліп отыр.

Жоғарыда аталған жайттар анықталған жағдайда Көлiктегi ПД Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ЖПБ полиция қызметкерлері 102 байланыс телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті