Әлем • 25 Ақпан, 2022

АҚШ санкциялары Ресейді энергия көздерін айыруы мүмкін бе?

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Далип Сингх АҚШ-тың жаңа санкциялары Ресейдің әлемдік нарықтағы энергия көздерін тоқтатуға бағытталмағандығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ санкциялары Ресейді энергия көздерін айыруы мүмкін бе?

Оның айтуынша, санкциялар АҚШ үшін ең аз шығынмен Ресей экономикасына айтарлықтай зиян келтіретіндей етіп жасалған.

«Біздің санкцияларымыз Ресейдің әлемдік деңгейдегі энергия ағынын бұзу үшін жасалмаған», деді Сингх.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Вашингтон Ресейге қарсы қосымша санкциялар мен экспорттық шектеулер енгізетінін айтқан болатын. Кейінірек АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік банктерге, соның ішінде «Новикомбанк» және «Совкомбанкке» қарсы шектеулер енгізгенін айтты.

Аяна Тоғанбек