Бокс • 26 Ақпан, 2022

Странджа кубогы: Дамир Әбдіқадыр күміс жүлдегер атанды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы додасында қазақстандық былғары қолғап шебері Дамир Әбдіқадыр күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Странджа кубогы: Дамир Әбдіқадыр күміс жүлдегер атанды

51 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық боксшы финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы рингке көтерілді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, өзбек оғланы Хасанбой Дусматов бұл жекпе-жекте төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетіп, дода жеңімпазы атанса, отандасымыз күміс жүлдені қанағат тұтты.