Әлем • 26 Ақпан, 2022

32 адам зардап шекті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баварияда туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, салдарынан 32 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

32 адам зардап шекті

Солтүстік Рейн-Вестфалиядан жоғарғы Баварияға бара жатқан туристік автобус жол апатына ұшыраған. Салдарынан 32 адам зардап шекті, оның 11-і ауыр халде жатыр. Зардап шеккендерді эвакуациялау үшін тікұшақтар тартылды, олар жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді. Адам шығыны тіркелген жоқ. Автобуста 61 адам, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер болған.