
«Көптен күткен жаңалық! Менің кітабым жарыққа шықты! «Жағың сынса да, сағың сынбасын» атты туындым. 2 жыл бұрын. Мен Белоруссия елінде жекпе-жекке дайындалып жатқан кезде, 2016 жылы болған жекпе-жегім жайлы жазуды қолға алдым. Ол жай жекпе-жек емес еді… Сынған жақпен жеңіске жеткен жекпе-жегім еді…. Сол жекпе-жегім жайлы, бокс жайлы, өзім жайлы туындымды сіздерге ұсынамын! Жастарға, қоғамға тәрбиелік мәні зор, пайдасын тигізетін кітап боларына сенемін», деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.