Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу кез келген мектептің күнделікті шаруасы болғанымен, наурыз мейрамы қарсаңында бұл игі істердің рөлі тіпті артады. Атадан балаға мұра етіп қалдырылған рухани құндылықтардың бірі әрі салт-дәстүріміздің ерекше жаңғыратын тұсы Наурыз мейрамы болса, оның өз деңгейінде тойлануына білім ордалары айрықша мән береді.
Биыл Райымбек батыр атындағы №50 мектеп-лицейде «Нұр себелер, Ұлыстың ұлы күні» мерекелік кеші өткізілді. Қала көлемінде өткен мерекелік кешке Астана қаласы білім басқармасынан, Тілдерді дамыту басқармасынан, «Зерде» инновациялық орталығынан, сондай-ақ, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрынан қонақтар мен ата-аналар қауымы қатысты.
Қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан хабардар ететін бесікке салу, селт еткізер, ұйқы ашар, беташар, сырға салу, бата-тілек сынды түрлі игі шаралардан тәлімді көрсетілімдер көрермендерге насихатталды. Осы кеште оқушылардың бір бөлігі наурыз көженің құрамы мен өзіндік ерекшелігі туралы айтса, тағы бір топ оқушылар әсемдік үшін өсірілетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік «Наурыз шешек» өсімдігі жайлы әңгімелеп берді.
Кештің бір ерекшелігі, оқушылар арасында «Наурыз-ЭКСПО-2017» ұлттық тағамдар байқауының өткізілуі еді. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын көрсету, насихаттау әрі ЭКСПО-2017 іс-шарасына Қазақстан қандай ұлттық тағамдарын ұсына алады деген сауалға жауап табу болатын. Мұнда ұлттық тағамдардың үстелдерге қойылу мәнеріне де, оның дайындалу технологиясына да ерекше көңіл бөлініп, әр тағамның пайдасы туралы ұлттық киім киген оқушылар түсініктеме берді.
Келген қонақтарға тойбастар таратылып, наурыз көже ұсынылды. Ата-аналардың ұлттық киім киіп, өнер көрсетуі де оқушыларға ұлттық , патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды.
«Егемен-ақпарат».

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше