Қоғам • 28 Ақпан, 2022

«Ассамблея жастары» бас қосты

1034 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада онлайн форматта «Ассамблея жастарының» мәжілісі өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Ассамблея жастары» бас қосты

«Бүгін біз Ассамблея жастарымен, жастар ұйымдарының және бірлестіктерінің өкілдерімен олардың жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі таң­да жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелі болуы жастар бастамасын дамытудың өлшеміне айналып отыр. Өткен айда болған оқиғалар жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын, әлеуетін арттыру қажет екенін көрсетті», деді Марат Әзілханов.

Тимур Жұмырбаев «Ассамблея жастары» ұйымының басты бағыты жөнінде айтып берді. «Ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топ­тастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Бүгінде біз ал­дымызға жастарға нақты көмек беру жөнінде мақсат қойып отырмыз. Бүгінде 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада өкілдігіміз бар. Уақыт өте келе моноқалалар­ға, ауылды елді мекендерге шы­ғамыз. Қазір шағын қалаларда жастармен жұмыс жақсы жолға қойылған», деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50