Футбол • 28 Ақпан, 2022

Жүлде жеңбейінше «Миланнан» кетпеймін – Златан Ибрагимович

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италиялық «Милан» футбол клубының 40 жасар шабуылшысы Златан Ибрагимович кәсіпқой футболшы ретіндегі кәсіби мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Жүлде жеңбейінше «Миланнан» кетпеймін – Златан Ибрагимович

«Менің болашағым, өмірім – футбол. Әлбетте, қазір команда сапында ойнай алмай жүргенім жаныма батады. «Миланның» жағдайы жаман емес. Мен тезірек ұжымға қайта қосылып, көмектескім келеді. «Милан» жейдесін кигелі команданың жақсы нәтижелерге қол жеткізуі үшін барымды салып келемін. Бізге тек чемпиондық тәж ғана жетіспейді. Жүлде жеңіп алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жүрміз. Мен командамен қандай да бір жүлде ұтып алмайынша «Миланнан» кетпеймін, кәсіби мансабымды аяқтамаймын», дейді швециялық футболшы. 

Златан Ибрагимович осы жылдың қазан айында 41 жасқа толады. Ол осы маусымда 15 ойынға қатысып, А сериясында 8 голдың авторы атанды. Сондай-ақ әріптестеріне екі мәрте нәтижелі пас шығарды.