Қоғам • 28 Ақпан, 2022

ТЖМ ертең не үшін дабыл қосылатынын түсіндірді

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ертең, 1 наурыз күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Қазақстан Республикасы бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ ертең не үшін дабыл қосылатынын түсіндірді

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына құлақтандыру жүйесін тексерудің әлемде болып жатқан геосаяси жағдайға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Бұл табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жыл сайынғы іс-шара», деп түсіндірді ҚР ТЖМ ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті.

Сондай-ақ бөлім азаматтарды дыбыстық сигнал кезінде сабыр сақтауға шақырды.

 

«Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады», деп қосты департамент.