Футбол • 28 Ақпан, 2022

Германиялық клуб ресейлік компанияның демеушілігінен бас тартты

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Шальке 04» футбол клубы өзінің ресми сайтында ресейлік «Газпром» трансұлттық энергетикалық компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Германиялық клуб ресейлік компанияның демеушілігінен бас тартты

«Расында «Шальке 04» футбол клубының директорлар кеңесі бақылау кеңесінің мақұлдауымен «Газпром» компаниясымен серіктестікті мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Атқарушы кеңес пен бақылау кеңесі бас демеушінің өкілдерімен келіссөз жүргізеді және қосымша ақпарат белгіленген тәртіппен жарияланады», делінген клуб таратқан ресми хабарламада. 

Жалпы «Газпром» 2007 жылдан бастап неміс командасының демеушісі болды. Серіктестік қарым-қатынас орнатудың арқасында «Газпром» логотипі клубтың спорттық формасының алдыңғы жағына орналастырылған еді. Бұған дейін «Шальке 04» футбол клубы компанияның логотипін өз формасынан алып тастайтынын хабарлаған болатын.