Қазақстан • 28 Ақпан, 2022

TikTok-та Қорғаныс Министрлігінің жалған аккаунты пайда болды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

TikTok әлеуметтік желісінде Қазақстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі аккаунт пайда болды. Іс жүзінде бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Egemen.kz.

TikTok-та Қорғаныс Министрлігінің жалған аккаунты пайда болды

Stopfake.kz. сайтында айтылғандай TikTok пайдаланушысы mod.gov.kz логинімен ондаған бейнероликтерді жариялап үлгерді. Бейнероликтің бір бөлігі ҚР Қарулы Күштерімен байланысты бейне жаттығулары мен жаңалықтардан үзінділер.

«TikTok-тегі аккаунт жалған және ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми аккаунттарына қатысы жоқ», деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінде.

Айта кету керек, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында TikTok әлеуметтік желісі тізімде көрсетілмеген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық әскери қызметшілердің Украинаға жіберілетіні туралы ақпарат тараған болатын. Бұл да жалған ақпарат.

«Қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе қандай да бір басқа елге жіберу туралы ешқандай ақпарат болмады. Жеке құрамды ауыстыруға, оқытуға, жаттықтыруға байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік даярлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлы тәртіппен жүргізіледі» деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аяна Тоғанбек