Аймақтар • 02 Наурыз, 2022

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурыз күні таңертең жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірім мен бес жасар баланы көлік қақты. Түрлі дене жарақаттарын алған балалар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы сағат 07:45-те М.Жүсіп-Торайғыров көшелерінің қиылысында орын алды.

«33 жастағы Hyundai Accent жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көліктің арнайы айыппұл тұрағына жөнелтілгенін атап өтті.