Пікір • 03 Наурыз, 2022

Міндет – халық мүддесін қорғау

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде ұйымның қазіргі кезеңдегі жаңаша саясаты мен бағыттарын атады.

Міндет – халық мүддесін қорғау

Партияның халықтың мүд­десіне орай қызмет атқаруы Пре­зи­дент сөзінің негізгі өзе­гін құ­рап, осы идеяны мей­лінше тар­қатып жеткізіп, оның негізгі стра­тегиялық маз­мұнын баяндады.

Мысалы, ең алдымен партияны Amanat деп аталуына байланысты ұтымды ойларын ұсынды. Бұл – қазақ ұғымын­дағы үлкен сөз. Яғни партия халықтың аманатын орындаушы саяси құрылым ретінде осы ұғымның үдесінен шығуға тиіс.

Сонымен қатар фракция жұмысын белсенді ету, міндет­терді шынайы орындау және азаматтардың мүддесі мен елдің өркендетудегі рөлі мен маңызын арттыру да Пре­зи­дент баяндамасының негізгі ар­­қауы болды. Мем­лекет басшы­сы партия жұмысын халық игі­лі­гіне құруға айрықша мән берді.

Ендігі уақытта партия мү­шелері осы міндетті орын­дауға белсене кіріседі деп ойлаймыз.

 

Ербол ТІЛЕШОВ,

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры