Ауа райы • 03 Наурыз, 2022

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«ҚР басым бөлігі, орталығы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың тек батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын жауып (қар, жаңбыр түрінде) көктайғақ болады, жел күшейіп шаңды дауыл соғады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында – көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде - тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі байқалады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында - тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде,Қарағанды облысының солтүстігіндке, оңтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.