Әлем • 03 Наурыз, 2022

Польша Украинаға гуманитарлық жүк таситын көліктерді тегін өткізеді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Украинаға гуманитарлық жүк тасымалдаушылар үшін жол ақысын алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша Украинаға гуманитарлық жүк таситын көліктерді тегін өткізеді

Шекарадан өту үшін Украинаға гуманитарлық жүк тасымалдаушылар сауалнама тәріздес құжатты алдын ала толтыруы керек. 

«Гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын көлік жүргізушілері барлық жолдар үшін төлем жасамаса болады. Жол үшін төлем жасамаған басқа украиналық көліктерге де айыппұл салынбайды. Біз қазіргі жағдайда Украинаға көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз», деп жазылған хабарламада.