Кәсіпқой бокс • 04 Наурыз, 2022

Зәуірбектің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зәуірбектің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

MTK Global промоутерлік ұйымы келтірген деректерге зер салсақ, қазақстандық былғары қолғап шебері рингке 15 сәуір күні шығады. Жекпе-жек Ұлыбритания астанасы Лондон қаласындағы York Hall спорт кешенінде өтеді.

Алайда әзірге отандасымыздың кімге қарсы шаршы алаңға шығатыны белгісіз. Ол соңғы шайқасын өткен жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында өткізіп, ұлыбританиялық Райан Уилерден айласын асырған болатын.