Қысқы спорт • 04 Наурыз, 2022

Бүгін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Дүбірлі дода Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Айтулы аламанда Қазақстан атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.

Салтанатты шарада еліміздің туын пара шаңғышы Ербол Хамитов ұстап шығады. Ол аталған спорт түрінен әлем кубогының қола жүлдегері болған. Сондай-ақ, ол - халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті. 1994 жылы Лиллехаммер қаласында 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс жүлдегер атанды. 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында мәре сызығын бірінші болып қиды.