КХДР мен Ресей арасындағы сауда-саттық енді рубльмен жүргізіледі. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.
Мұндай шешім Ресей мен Солтүстік Корея үкіметаралық комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша қабылданды. «Тараптар өзара сауда-саттық көлемін 2020 жылға дейін 1 млрд. долларға көтеруді жоспарлап отыр», – дейді Қиыр Шығысты дамыту жөніндегі министрлік басшысы Александр Глушка. Министрдің пайымдауынша, Корей түбегіндегі тұрақтылық екі ел қарым-қатынасының дамуына септігін тигізеді.
Мәскеу мен Пхеньян Солтүстік Корея теміржолын Транссібірмен жалғастыруды көздеп отыр. Осылайша олар КХДР тау-кен өнеркәсібін жаңғыртып, өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатпақшы.
Солтүстік Корея қазір қаржылық дағдарысқа тап болды. Тіпті, КХДР-дің бұрынғы басшысы Ким Ир Сеннің елдегі байлықты саудаға салмау жөніндегі нұсқауына қарамастан, қазіргі билік Қытайға алтын сатуға мәжбүр болып отыр. Осы жағдайды ескеріп, Мәскеу Солтүстік Кореяның кеңестік жүйеден бересілі 336 млрд. рубль көлеміндегі қарызын төлеуден босатты.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Utro.ru.
Фото: Mail.ru.

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше