Әлем • 07 Наурыз, 2022

Украина аумағынан Қазақстандық 41 жүк көлігі шықты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған 57 көлік жүргізуші ішінен 41 жүргізушіге Украинадан шығуға көмек берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина аумағынан Қазақстандық 41 жүк көлігі шықты

«Атамекеннің» мәліметінше, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Украина, Польша Республикасы, Беларусь, Ресейдегі елшіліктері, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің бірлескен күшімен жүргізушілер үйіне қайтып келеді.

«Ұлттық палата барлық атсалысқан адамға алғыс білдіреді. Бәріміз бірге 41 жүргізушіге Украинадан шығуға көмектестік. Сонымен қатар жүргізушілеріміз жолаушы ретінде Польша шекарасына Қазақстанның 3 азаматын әкеле жатыр. Қазір шұғыл түрде тағы 16 жүргізушіге үйге қайту үшін қауіпсіз жолмен көрші елдерге шығуға көмектесуді шешіп жатырмыз», – деді «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

Қазіргі кезде Украинада қалып қойған 16 жүргізуші ішінен: 4 жүргізуші Черниговте әскери іс-қимыл салдарынан шыға алмай жатыр, 1 жүргізуші Троебортное (Ресей) өткізу бекетінен 70 шақырым жерде қозғалыссыз тұр, 2 жүргізуші Слабожанск қаласында, 4 жүргізуші Польшаға қарай бағыт алған және тағы 4 жүргізуші Харьков ауданында тұр. Тағы 1 жүргізуші Ресей шекарасынан 100 шақырым жерде қалған.

Соңғы жаңалықтар