Әлем • 08 Наурыз, 2022

Антирекорд: Ресей санкциядан көз ашпаған елге айналды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстіктегі көршіміз Ресей әлемде ең көп санкция салынған мемлекет атанды, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 

Антирекорд: Ресей санкциядан көз ашпаған елге айналды

Мәліметті шектеу шараларын қадағалау бойынша ғаламдық деректер қоры хабарлады. Дерекке сенсек, ақпанның 22-нен бері Ресейге 2778 шектеу енгізілген. Жалпы бұл мемлекетке салынған санкциялардың саны 5 жарым мыңнан асып жығылған екен.

Ресейге санкция салған елдердің қатарында АҚШ, Канада, Швейцария, Еуроодақ мемлекеттері топ бастап тұр. Санкциялардың көбі жеке тұлғаларға салынған.