Әлем • 09 Наурыз, 2022

Польша АҚШ-қа сыйлық жасағалы отыр

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша АҚШ-қа МИГ-29 ұшағын сыйға беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша АҚШ-қа сыйлық жасағалы отыр

Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау Польша өзінің МИГ-29 жауынгерлік ұшағын Германиядағы АҚШ-тың Рамштайн авиабазасына орналастыруға дайын екенін және оларды тегін пайдалануға беретінін айтты.

«Польша Республикасының билігі Республика Президентімен және Үкіметімен кеңескеннен кейін өзінің барлық МИГ-29 ұшағын тегін Америка штаттары Үкіметінің қарауына беруге дайын», деді Рау мәлімдемесінде.