Аймақтар • 09 Наурыз, 2022

Семейде жалған полицей ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күртесінің оң жақ сыртқы қалтасында өз атына полиция қызметкерінің құжатын сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Кейін табылған құжаттың жалған екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семейде жалған полицей ұсталды

Күдікті «құжаттың сыртын» сатып алған және полиция қызметкерінің қызметтік куәлігінің үлгісін тауып алып, оны өзіне қайта жасағаны анықталды.

Құжатта полицей учаскелік полиция инспекторы ретінде тіркелген. Семейлік бұл іске байыппен қарап, тіпті фотошоптың көмегімен тәртіп сақшысы кейпіндегі сурет жасап алған. Осылайша, ол учаскелік полиция қызметкеріне айналған.

Ұсталған азамат өзінің достарын тәнті ету үшін фейк жасағанын айтып, өз кінәсін мойындады.

Оған  қатысты міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта санкциясы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі (Жалған құжаттарды дайындау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.