Әлем • 10 Наурыз, 2022

Атыс тоқтамайды: Түркиядағы Ресей-Украина келіссөзі нәтижесіз аяқталды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия төрінде өткен Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің келіссөзі айтарлықтай нәтиже берген жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыс тоқтамайды: Түркиядағы Ресей-Украина келіссөзі нәтижесіз аяқталды

Тоқсан минутқа созылған келіссөздерден кейін Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба баспасөз мәслихатын өткізіп, келіссөздің нәтижесіз аяқталғанын хабарлады.

«Украина тарапы Мариупольге дейін және Мариупольде гуманитарлық дәліз құруды, бейбіт тұрғындардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір тәулікке атысты тоқтатуды ұсынған болатын. Ресей тарапы бұған келіспеді. Мен келіссөздерді жалғастыруға дайынмын», деді Дмитрий Кулеба.

Бұдан соң сөз алған Сергей Лавров: «Ресей Украинаға шабуыл жасаған жоқ және өзге елдерге қауіп төндіру туралы жоспары жоқ. Керісінше Киев Донецк пен Луганск халық республикаларына шабуыл жасамақ болды», деді ол қарсы тарапты айыптай сөйлеп.

Осылайша әлем жұрты асыға күткен келіссөзде тараптар келісімге келе алмады.