Президент • 11 Наурыз, 2022

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 130 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.