Әлем • 13 Наурыз, 2022

Түркіменстанда өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркіменстанда мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркіменстанда өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталды

Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 12 наурызда жергілікті уақыт 19-00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 97,12% дауыс бергенін хабарлады. Ресми дерек бойынша, бүкіл облыс пен ел астанасында дауыс беруге келушілер 97% құраған. Бұл көрсеткіш шетелдегі учаскелерде 91 процентке жуықтайды.

Сарапшылардың көбі қазіргі президенттің ұлы 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов айқын басымдықпен жеңіске жетеді деп болжайды. Саяси додаға одан басқа 8 үміткер қатысқан. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың 11-13 ақпанында вице-премьер, Жоғары бақылау палатасының төрағасы болып тағайындалып, Түрікменстанның Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына енген.

Жаңа мемлекет басшысын  ұлықтау рәсімі 19 наурызға белгіленіп отыр. Түркіменстанда президент 7 жыл мерзімге сайланады.