Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Әсия АХМЕТОВА: «ҰСТАНЫМЫМ – ЫНТЫМАҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛУ»
Татулықтың тірегіне айналған тұлғалар қашанда қарапайымдылығынан танбайды. Жетісу жерінде достық пен ынтымақтың ұйытқысы болып, осы өңірде тыныштық пен бірлікке бастап жүрген жандар баршылық. Солардың бірі – ел бірлігін ұлықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Әсия АХМЕТОВАМЕН әңгімелескен едік. – Әсия Тұрсынқызы, шығыс халықтарының ұлы мейрамы – әз Наурызға ілесе ұлыларын ұлықтаған, тарихын талайға таңғалдыра таныстырған, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға негіз қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына жер-жерде үлкен дайындық жүруде. Бұл шарадан сіздер де шет қалмассыздар? – Әлбетте, қазақ – әсілі қашанда елдік пен бірлікті тәуелсіздіктің темірқазығына айналдыра білген халық. Сонысымен де шоқтығы биік. Жалпы, «Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нақтылап бергені мәлім. Сол ұлағатты сөздің жарқын дәлелі бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр. Иә, шынымен де, бұл – дос қуанып, дұшпан күйінетін біздің ең зор жетістігіміз. Тек бірлік бар жерде ғана толайым жетістік пен көңіл қуантар тіршілік бары етенеден белгілі. Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы әр азаматтың жеке жауапкершілігін – өзінің алдындағы, ұжым алдындағы, жұмыстағы, жауапкершілігін арттырады деп қабылдасақ, ол, бірінші кезекте, егемен еліміздің алдындағы жауапкершілігі деп түсіну керек. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына әр азамат өз үлесін қосуы үшін ең бірінші елжандылық болуы керек. Тек елін шын жүрегімен ұлықтайтын ерлер ғана нағыз патриотпын дей алады. – Еліміздегі тіл мәселесі туралы не айтасыз? – Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал ететін негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген халықтың ана тілі салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізі болып табылады. Соған сәйкес, біздің елімізде тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған. – Адам құқығы қалай қорғалуда? – Қоғамды демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы жағдайлардың барлығында да, ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет. Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Егемендік алған жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қашанда жаңалықтың жаршысы болып келеді. Соның бірі – аналар орталығының ашылып, отбасылық тәрбиені қолға алып, қоғамның барлық салаларын болашақ ұрпақ тәрбиесіне жұмылдырғаны. Екінші мәселе – кадрларды дайындау. Білікті де білгір маман көптеген мәселелердің түйінін шешеді деп қабылдасақ, біздің Ассамблея мемлекеттік қызметке даярлау үшін арнайы курс ашып, әр этнос өкілінің жастарын мемлекеттік қызметке дайындауды қолға алды. Мемлекеттік қызмет басқармасымен бірлесіп семинарлар өткізіп, түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, жастардың өз күшіне, біліміне сенуіне ықпал етіп қана қоймай, ең бастысы, Ата Заңымыздың біздің елде бұзылмай жоғары деңгейде орындалатынының дәлелі болып отыр. Әр адам білімді, білікті болса, жұмыс олардың өзін іздейтінін өмірдің өзі растауда. Қазақстан – жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған Тәуелсіз мемлекет. Аса жоғары руханият пен ой-өріс үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешуші фактор болып табылады. – Бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселе не? – Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу өмірлік маңызды мәселе болып саналады. Барлық ұлттар мен ұлыстарды бір жерде тоғыстырған ортақ тарихи тағдыр олардың ортақ мұраттары мен құндылықтарының қалыптасуына да себепші болады. Біздің еліміздің жүргізіп отырған ұлт саясаты өзінің бағыт-бағдары бойынша демократиялық және келісім мен жасампаздық сипатымен ерекшеленіп келеді. Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халқымен бірге барлық қазақстандықтарды өркениетті өмірге жеткізетіндігі сөзсіз. Алдағы өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы оның әрбір мүшесіне жауапкершілік жүктейді. Ол – еліңнің алдындағы азаматтық парызыңды абыроймен атқару. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше