Қазақстан • 14 Наурыз, 2022

Тағы екі депутат Мәжілістен кетті

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Зульфия Сүлейменова мен Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы екі депутат Мәжілістен кетті

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтың айтуынша, депутаттар берілген өтінішке сәйкес қызметінен босатылды.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов оларға қызметі үшін алғыс білдірді.

Зульфия Сүлейменова 2021 жылдың қаңтарынан бастап Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде депутат болып жұмыс істеді.

Владимир Тохтасунов 2021 жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде жұмыс істеді.