Оқиға • 14 Наурыз, 2022

Алматы қаласы ҰҚКД басшысы қамауға алынды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы ҰҚКД басшысы қамауға алынды

«5 қаңтарда Алматыдағы екі полиция департаменті мен үш департаменттің, сондай-ақ Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының бастықтары өз ғимараттарын, соның ішінде қаруды қалдырғаны анықталды.

Осы деректер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды. Алматы ҰҚКД бастығы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Қазір басқа адамдарға қатысты дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізіліп жатыр»,  деді ол.