Кәсіпқой бокс • 16 Наурыз, 2022

Головкинмен жұдырықтасуды армандаған боксшының қарсыласы анықталды

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WBC тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, америкалық боксшы Джермалл Чарлоның келесі жекпе-жекте кімге қарсы шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Головкинмен жұдырықтасуды армандаған боксшының қарсыласы анықталды

Америкалық боксшы PBC ұйымдастыратын бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шығады. Уақытында бірнеше мәрте Геннадий Головкинді шаршы алаңға шақырған Чарло бұл жолы польшалық Мацей Сулецкиймен қолғап түйістіретін болды. Бокс кеші 18 маусым күні Хьюстонда өтеді деп жоспарланған.