Әлем • 16 Наурыз, 2022

БҰҰ: Украина халқы кедейшілікке ұшырайды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинадағы қарулы қақтығыс ұзаққа созылса халықтың 90 пайызы, яғни әр он тұрғынның тоғызы кедейдің кебін киюі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

БҰҰ: Украина халқы кедейшілікке ұшырайды

БҰҰ даму бағдарламсы осылай деп дабыл қағуда. Себебі әскери қимылдардан Украина соңғы 20 жылда қол жеткізген экономикалық жетістіктерінен айырылып, экономикасы күйреуі мүмкін. Агенттік апаттың алдын алу үшін Киевпен бірігіп әрекет етіп жатқанын айтады. Мысалы, тұрғындар үйлерін тастап боспас үшін азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға қаржы бөлуді қарастырып жатыр. 

«Егер Украинада қарулы қақтығыс ұзаққа созылатын болса, елде кедейшілік күрт өседі. Қарулы қақтығысқа дейін Украина халқының 2 пайызы кедейшілік жағдайында, яғни күніне 5,50 долларға өмір сүріп келген. Баяндамада көрсетілген сандар шынымен қатты алаңдатады. Біз қарулы қақтығыстың апатты салдарын қазірдің өзінде көріп отырмыз. Мысалы, Украинада кәсіпорындардың 50 пайызы толықтай тоқтап, қалғаны түрлі жағдайда жұмыс істеп жатыр», деді БҰҰ даму бағдарламасының әкімгері Ахим Штайнер. 

Украинаға өзге де халықаралық ұйымдар жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. 

Халықаралық Қызыл крест комитеті Венгриядан шыққан гуманитарлық жүк керуені Украинаның Румыниямен шекарасына жеткенін мәлімдеді. Қазір Қызыл крест қоршауға алынған Сумы қаласынан 30 автобуспен бейбіт тұрғындарды эвакуциялауға күш салып жатыр.