Семейді – Абай, Талдықорғанды – Жетісу, Жезқазғанды – Ұлытау, Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласына Д.Қонаевтың атын беруді ұсынды. Мен бұл үлкен қадам және жақсы жаңалық болды деп ойлаймын. Мемлекет басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген алуан түрлі сауалға жауап берді. Сондай-ақ Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетін болды. Бұл да батыл қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддеге, халыққа деген адалдығын тағы бір мәрте көрсетті. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы халықтың еңсесін көтеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосуға деген құлшынысын оятты.
Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ,
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы