02 Сәуір, 2014

Университеттің үздік дирижері

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Ең үздік дирижер» байқауы өтті. Сайысқа қатысушылар халық әндерімен қатар, орыс, ағылшын, грузин халық әндерінен тұратын он алты шығарманы дирижерлеп орындады. 7-1м Музыкалық дарындарды анықтау мақсатында өткен байқауға өнер және мәдениет факультетінің,  хорды дирижерлеу және ән кафедрасының Хор класы пәнінен дәріс алып жүрген  студенттер қатысты. Студенттердің қабілеттерін хорды дирижер­леу және ән кафедрасының білікті ұстаз­дарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Байқауға қатысушы сту­дент­­тердің шеберлігі  хор шы­ғармасының музыкалық бейнесін ашу, шығарманы орындаудың кәсіби дағдыларын меңгеру, шығарманы көркемдік-техникалық шеберлікпен орындау, хор шығармасын орындауда адам жанының эмоционалдық-психо­логиялық жағдайының  әртүрлі тұстарын, күй­зе­лісін, көңіл күйін, сезімін дирижерлық қи­мыл­мен орындап жеткізу талаптары бойынша анықталды. Әділ-қазылар алқасының қорытындысы б­о­йынша бас жүлдеге 25 жылдан бері хор кафед­расын басқарып келе жатқан профессор, білікті ұстаз  Мұрат Бурунчиннің шәкірті  Гау­хар Қуандықова лайық деп танылды. Гаухар гру­зин композиторы Р.Лагидзенің « Тбилиси тура­лы ән» шығармасын шеберлікпен орындап, дирижерлық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.