Тұсаукесер кездесуінде жерлестеріміз Польша футзалшыларымен шеберлік байқасты. 7-минутта Вадим Булдин есеп ашты. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Каспер Сендлевски таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін алаңдағы жағдай күрт өзгерді. 27-минутта Руслан Үргенішбаев қапияда өз қақпасына гол соқса, көзді ашып-жұмғанша Шимон Лизнерски нысананы дәл көздеді. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Булдин есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда одан әріге біздің жігіттердің әлі жетпеді. Есеп – 2:3.
Қалған кездесулерде бізге жеңіс ауадай қажет. Өйткені осы төрттік команданың арасынан тек үздік шыққаны ғана іріктеу турнирінің келесі кезеңіне өтеді.