Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Нұрсұлтан Назарбаев көмекшісін қызметінен босатты

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент-Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев көмекшісін қызметінен босатты

Данияр Талғатұлы 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында туған.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдары осы департаментті басқарды.

2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз - 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2015-2019); ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

ҚР тұңғыш президентінің көмекшісі лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.