Кәсіпқой бокс • 19 Наурыз, 2022

Жекпе-жектен бас тартқандар әлі жалынатын болады – Жәнібек Әлімханұлы

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын арада әлемдік деңгейде танымал боксшы атанатындығына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жекпе-жектен бас тартқандар әлі жалынатын болады – Жәнібек Әлімханұлы

«Шаршы алаңда менімен кездесуден бас тартқан чемпиондар болашақта әлі жалынатын болады. Мен не туралы айтып тұрғанымды жақсы білемін. Ашығын айтар болсам, мен тек қана чемпион болмаймын, әлем бойынша танымал чемпион болатындығыма бек сенімдімін. Сол кезде олардың әңгімесінің ауаны өзгереді», деп жазды қазақ оғланы твиттердегі парақшасында.