Теннис • 20 Наурыз, 2022

Надаль Федерердің рекордын жаңалады

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық теннисші, үлкен дулыға жарыстарының 21 дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль тағы бір рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Надаль Федерердің рекордын жаңалады

Индиан-Уэллс додасының жартылай финалында отандасы Карлос Алькараспен кездескен Рафаэль Надаль 3 сағат 12 минутқа созылған кездесуде қарсыласынан айласын асырып, ақтық сынға жолдама алды. Бұл ашық алаңдағы жарыстарда Рафаэль қол жеткізген 954-ші жеңіс болатын. Осылайша ол бұған дейін 953 мәрте қарсыластарынан айласын асырған әйгілі Роджер Федерердің рекордын жаңалады. Енді Надаль финалда АҚШ спортшысы Тейлор Фритцпен кездеседі.