02 Сәуір, 2014

Ақтау қаласында бес бөлмелі үй толық жанып кетті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-04-PozarМаңғыстау облысы Ақтау қаласына қарасты Приозерный-3 елді мекеніндегі бес бөлмелі үй толық жанып кетті. Бұл туралы Munara.kz хабарлады. Өрт сөндірушілер келгенше, үй иесі 10 баласы мен аяғы ауыр келіншегін жалын арасынан алып шыққан. «Біз келгенше үй толықтай отқа оранды. Үй иесінің барлық құжаттары мен заттары да өртеніп кетті. Өрттің неден орын алғаны әзірге зерттелуде. Өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан орын алған деген болжам да бар. Абырой болғанда, адам өлімі тіркелген жоқ. Жалпы, өртті ауыздықтауға төтеншеліктердің 15 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды», – деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының аға анықтаушысы Ләззат Құдасбаева. Қазір өрттен зардап шеккен отбасы туысының үйінде тұрып жатқан көрінеді. Бірақ, 11-ші перзентін босанғалы отырған ананың баспана мәселесі әзірге шешілген жоқ. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Munara.kz. Фото: Munara.kz.