Әлем • 21 Наурыз, 2022

Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың оңтүстігінде China Eastern авиакомпаниясының Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бұл туралы CGTN ресми Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.

Қытай тарапының ақпараты бойынша, ұшақ Куньминнен Гуанчжоуға ұшып шыққан, әуе кемесінің бортында 133 жолаушы болған. Ұшақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданына қарасты Учжоу қалалық округінің Тэн уезіндегі таулы жерде құлаған.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.