Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

ШҚО-да тасжолдардың бірі жабылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.



ШҚО-да тасжолдардың бірі жабылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні басып қалуы мүмкін.

«Республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 420-450 шақырымында (Берел ауылынан Рахман қайнары санаторийіне дейінгі аралық) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.