Ауа райы • 21 Наурыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі, 23 наурызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 22 наурызда облыстың оңтүстік жартысында 15-20 м/с болса, 23 наурызда солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында – аздаған бұрқасын. Батыстан, солтүстік батыстан соғатын жел, түнде орталықта, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында, шығысында баяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ. Ал батысында оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түсіп, аздаған бұрқасын болады.

Солтүстік-батыстан соғатын жел, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстікте солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 22-23 наурызда оқтын-оқтын қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 22 наурызда, 23 наурызда екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында түнде оңтүстікте, күндіз оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында жаяу бұрқасын болады, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, түнде оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал.

Түнде және таңертеңоблыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында баяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы өңірдің батысында 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі.