Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті. Оған еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері қатысты. Жасанды интеллект және мехатроника тақырыбына арналған сайыста оқушылар медицина, экология, математика, химия, биология, физика бағытындағы жобаларын ұсынды.

Бұған дейін НЗМ оқушыларына жасанды интеллект, цифрлы технологиялар, роботтехника, инженерия, сәулет өнері, экология саласындағы танымал отандық және шетелдік спикерлер онлайн-форматта қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде вебинарлар өткізген. Олардың қатарында еуропалық футурист Герд Леонхард (Швейцария), сутекті көлік түрлері бойынша аустралиялық сарапшы Брендан Норман, ресейлік «R:ED» компаниясының білім беру жобаларын дамыту бөлімінің басшысы Алиса Большакова, Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері Жанат Махатаева және басқа да беделді ғалымдар бар. Ал практикалық сабақтар топографиядағы Пифагор теоремасына, жер сілкіністерін түсіну үшін математикалық модельдеуді пайдалануға, ғарыш материалдарын жасауға және химия, биология, физика, математика мен информатика саласындағы басқа да жобаларға арналды. Түркістан қаласында өткен басты іс-шарада «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлері әзірлеген оқу және цифрлы ресурстар жәрмеңкесіне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, жинақтар, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған нұсқаулықтар қойылды. Аталған ұйымның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов дарынды оқушылардың ғылыми жобаларын көрді. Мысалы, «Жүйелік-әдістемелік кешен» онлайн платформасы, 3D форматындағы NIS LAB виртуалды зертханасы, NIS MEET POINT ашық онлайн алаңы көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар «Мен сияқты жаса» тақырыбындағы STEAM жобаларын таныстырды. Олардың басым бөлігі медицина саласына жасанды интеллекті енгізуге арналған. Мысалы, Тараз қаласындағы NIS-те әзірленген COVID-19 клиникалық симптомдарды бақылау жүйесі Жамбыл облысындағы ең үздік стартап аталып, республикалық ғылыми жобалар байқауында екінші орынды жеңіп алды. Бұл жоба Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына қолданысқа берілген. «Құрылғының негізгі тиімділігі – арақашықтықты сақтай отырып, дәрігерлерге температураны, сатурация мен жүрек соғу жиілігін анықтауға көмектеседі. Мысалы, қазір менің температурам 36-ны көрсетіп тұр. Жүрек соғу 44 және сотурациям – 94. Дені сау адамдарда сатурация 93-тен кем болмау керек. Одан аз болса онда ол адамның денсаулығында кінәрат бар деген сөз», дейді Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Камилла Машанло.
Сонымен қатар қатысушылар қолданыстан шыққан «Екінші өмір» техникасын пайдаланатын экологиялық зерттеулерін қорғады. К.Шәмшидинова Наурыз кездесулерінің ең негізгі міндеті – балалардың әр пән бойынша алған білімін практикада іске асыру екенін айтады. «Оның сыртында біз осы облыстағы мектеп мұғалімдерін оқытып жатырмыз. Бізден үйренген дүниесін ертең барып ауылға, өздерінің әріптестеріне үйретсін», дейді К.Шәмшидинова.
Түркістандағы іс-шара барысында оқу дрондары ұшырылып, «Алтын сақа» және «Ең сейсмотөзімді ғимарат» командалық ойындары, жас өнертапқыштар құрастырған автокөліктер жарысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқушылар Наурыз кездесулерінің мәдени бағдарламасы аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб, Отырар төбе, «Ұлы дала мұражайы» және Керуен сарайында болды.
Түркістан облысы
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Бүгін, 17:32
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:21
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бір бөлігі табылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
Қоғам • Бүгін, 17:07
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар