03 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №778

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің орнынан түсуі туралы Қазақстан Республикасы Конс­ти­туциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Берілген өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Нығметұлы Ахметовтің орнынан түсуі қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкі­ме­тінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған кү­нінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 2 сәуір.  №778