Бұл туралы Boxingnews24.com сайтының тұрақты авторы Дэн Эмброуз пікір білдірді.
«Дмитрий Бивол Альваресті жеңу үшін барын салатын болады. Өйткені бұл оның өміріндегі ең маңызды шайқас екені даусыз. Бұған дейін Сауль Альварес 17 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші рет рингте кездесу туралы келісімшарт жасасқан болатын. Алайда ол Дмитрий Биволға жеңілсе, жоспарын 180 градусқа өзгертіп, ресейлік боксшымен жедел қарымта кездесу өткізеді», деді ол кезекті жазбасының бірінде.